Біз туралы
Астана қаласы әкімдігінің «№70 «Құлыншақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2013 жылы пайдалануға берілген. Мектепке дейінгі мекеме Жарғы бекітілген негізінде жұмыс атқарады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымда толық күнді 12 топ бар. Оның ішінде кіші топ -1, ортаңғы топ-3, ересек-4, мектепалды-4 топтары бар.
Астана қаласы әкімдігінің №70 «Құлыншақ» балабақшасы МКҚК
Топтар туралы мәлімет
- «Інжу — маржан» кіші топ.
- «Ботақан» ортаңғы топ.
- «Еркемай» ортаңғы топ.
- Балауса» ортаңғы топ.
- «Қошақан» ересек топ.
- «Балапан» ересек топ.
- «Ақжелкен» ересек топ.
- «Ақбозат» ересек топ.
- «Бәйшешек» мектепалды топ.
- «Қарлығаш» мектепалды топ.
- «Балдәурен» мектепалды топ.
- «Ерқанат» мектепалды топ.
Астана қаласы әкімдігінің «№70 «Құлыншақ» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны) балалармен аптасына толық бескүндік жұмыс тәртібімен 10,5 сағат жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды.
Сонымен қатар балабақша 2024-2027 оқу жылдарында «Мен бәрін білгім келеді» шағын зертханаларда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зерттеу құзыреттілігін дамыту» тақырыбында жұмысын жасайды.
